Ыңғайлы мобильді
қосымшаны қолданыңыз:
cоңғы жаңалықтар, видео-материалдар және телебағдарламалар

Алматыда 16-31 наурыз аралығында өтетін іс-шаралар

Алматыда 16-31 наурыз аралығында өтетін іс-шаралар.



"НАУРЫЗ КӨШЕ"

16 наурыз, 20:00
Республика Сарайы
Өнер қырандары театрының "НАУРЫЗ КӨШЕ" атты дәстүрлі әзіл кеші. 

Мұқағали. Мен деп ойла...
16 наурыз, 17:30
Мемлекеттік қуыршақ театры
Поэзияның шыңына жеткен М.Мақатаев жырлары арқылы театр әртістері қуыршақтармен бірге өмірді сүюдің ғажайып үлгісін көрсетеді. 

"Қызыл орамалды шынарым" 
17 наурыз, 18:30
Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры

Өмір, махаббат жайында. 



Ресейлік «АНТАРЕС» циркі
18,23,24,25 наурыз, 16:00
Қазақ Мемлекеттік Циркі
Алматыда алғаш рет ресейлік «АНТАРЕС» циркі өнер көрсетеді. 

"Жүрейік жүрек ауыртпай"
18 наурыз, 18:30 
М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры
Қойылымда  жаны жабырқаған қария, бәрін өзінің шолақ ойымен кесіп-пішіп жүрген келін, ез ұл, өз үйінен, туған анасынан жылу таппай жүрген бойжеткен бейнеленеді.


"Наурыз достық мейрамы"

20 наурыз, 18:30
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры 

Концерт



"Дюймовочка"
21 наурыз,  12:00  
"Жас сахна" театры
Кішкентай қыз туралы қызықты ертегі.

"Жүрегім сен келгелі бақытты"
22 наурыз, 16:00,  19:30
Республика Сарайы
Қайрат Нұртастың кеші.

"DISCO стиліндегі Наурыз"
23 наурыз, 18:00
Алматы Арена 

Кеште 80-ші жылдардағы үздік әндер шырқалады.




"Қуыршақ думан" 

24 наурыз, 11:00
Мемлекеттік қуыршақ театры
«Қуыршақ думан» – қойылымы концерттік бағдарламадан тұрады. Украина, Армения, Прибалтика қуыршақ ұжымы ұлттық билерін ұсынады және мың бұралып билеген қыздардың шығыс билерін де тамашалай аласыз.


"Ай-болит" ертегісі

25 наурыз, 14:00
Ермашов театры
К.Чуковский ертегісі негізінде сахналанады.

"Қыз Жібек"
26 наурыз, 18:30
М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры

«АСТАНА МЮЗИКЛ» гастролі.



"Қас-қағым"
27 наурыз, 18:30
М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры
Метафизикалық трагедия махаббатсыз, имансыз, сенімнен жұрдай қоғамның қорқынышты болмысын зерделеуге бастайды


"Аршын мал алан"

28 наурыз, 18:30 
М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры
Жалпы комедиядағы сегіз кейіпкердің төрт тойы қатарынан өтіп, бәрі ертегідегідей «арман-мұраттарына жетеді».

"Ожившая Легенда"
29 наурыз,  12:00
"Жас сахна" театры
Қойылым қазақ халқының ертегілеріне негізделген.

"BALLET GLOBE GALA"
29 наурыз, 19:00

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры 

Хореографтың 200 жылдығына және классикалық бидің негізін қалаушылардың бірі Мариус Петипаға арналған II Халықаралық Ballet Globe фестивалі.



"Махаббат сусыны"
31 наурыз, 17:00
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры 
Әйгілі итальяндық композитор Гаэтано Доницетти екі актілі мелодрамасы.