|
30.01.2018 | 20:40
1638

Ассамблея мүшелері Елбасы Жолдауын талқылады

«Еліміздің экономикалық, әлеуметтік тіпті барлық саладағы дамуы – ел бірлігінің арқасында жеткен жетістік». Елбасы жолдауын талқылауға арналған республикалық кеңесте сөз алған Дархан Мыңбай осылай деді. Қазақстан Халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары жолдауда жүктелген міндеттерді орындауда Ассамблеяның рөлі қандай екенін айқындап берді. 

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері». Иә, Президент биылғы жолдауында жаңа мүмкіндіктерді атады. Бұдан былай, саннан бұрын сапалы ұрпақ тәрбиелеу, дұрыс білім алу, өзгеден озық болу маңыздырақ. «Даму тек бейбіт елде болатыны хақ. Сондықтан, ҚХА-ның міндеті мен рөлі төмендемек емес. Қайта қолға алар іс көбейді. Оған этнобірлестіктер білек сыбана кірісулері керек»,- деді Дархан Мыңбай.

«Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында атқарар тірлік көп. Қалалар мен елді-мекендерді тазалау көгалдандыру, өңірлік музейлерге көптеп адам тартуымыз керек. Мектеп оқушылары арасында да өз өлкесі туралы шығарма жазудан жарыстар және БАҚ арасында түрлі байқаулар ұйымдастырамыз. Себебі, бәрі де Отанды сүюден басталады. Сондықтан, этнобірлестіктер республикалық және аймақтық деңгейде өтетін акцияларға белсене атсалысулары керек», - деді Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Дархан МЫҢБАЙ.

Републикалық кеңеске ассамблея құрылымдары мен бірлестік өкілдері, ғалымдар мен өнер қайраткерлері қатысты. Бәрінің айтары бір – Жолдау ел дамуының сара жолы. Айтпақшы, жиында сөз болған маңызды мәселенің бірі – цифрландыру. Осы орайда Алматы қаласы әкімінің орынбасары жақында  цифрлық форумның өтетінін айтып қалды.

«Алматы көптеген көрсеткіштер бойынша еліміздегі цифрлық экономикаға, цифрлық дамуға дайын нөмірі бірінші қала болып табылады. Сондықтан, Алматы қаласы Елбасымыздың жолдауында белгіленген цифрландыру болсын, басқа да экономикалық бағыттар болсын мақсат-міндеттерді іске асыруға толық дайын. Оған экономикалық әлеуеті мен адами капиталы молынан жететін қала», - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман ҚЫРЫҚБАЕВ.

«Өз басым үшін ең ғажабы адам капиталы. Өйткені, адамсыз ешнәрсе жоқ. Ал, енді сол адам баласы қабілетті болуы үшін Елбасымыздың «Рухани жаңғырудағы» бәсекеге қабілетті болу, саналы болуда 7 мәселенің орны бөлек. Ондағы басты нәрсе бәсекеге қабілетті болу керек. Ол үшін білім керек», - деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асылы ОСМАН.

Жолдау аясында өз жұмыстарын нақтылап алған ассамблеялықтар дамудың дара жолына тек бірлесе жетеміз деп тарқасты.

Тоғжан Аман, Валерий Таубалдиев, «Алматы» телеарнасы

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир