|
25.09.2017 | 15:43
1227

Астана әуежайындағы көлік тұрағының ақысы арзандайды

Астана әуежайындағы көлік тұрағының ақысы арзандайды. Жауаптылар 1-ші қазаннан бастап жаңа тариф енгізеді. Енді әуежайдағы тұраққа көлікті жарты сағатқа қаңтару тегін болады. Бір сағатқа қою үшін - 300, екі сағатқа - 400, ал үш сағатқа - 600 теңге төлеуіңізге тура келеді. Көлікті бір тәуілікке қалдырып кету құны - 2 жарым мың теңге болады. Ал бұған дейін әуежайда бір күнге көлік қалдырудың бағасы 60 мың теңге еді. Шарықтап кеткен тариф мәселесін әуелі мәжіліс депутаты Серік Сәпиев айтып, сынға алған болатын. Кейін, танымал әнші Қайрат Байекенов те тұрақтағы құнның қымбаттылығын айтып, шамданған. 


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир