|
08.08.2018 | 19:19
1518

Астана перзентханаларында көз жұмған 4 ананы аман алып қалу мүмкін болмаған – шетелдік дәрігерлер

Астана перзентханасында көз жұмған 4 келіншекті аман алып қалу мүмкін болмаған. Аналардың өлімін арнайы зерттеген шетелдік дәрігерлер осындай ұйғарымға келіпті.

Қайғылы жайтқа медициналық мекеменің жабдықталу деңгейі де әсер етуі ықтимал деген Израиль мамандары «марқұм болғандардың жүктілік кезеңде өз денсаулықтарына немқұрайлы қарауы да мезгілсіз өлімге түрткі болуы мүмкін» екенін айтты.

Астанадағы №1 перинаталдық орталығына келген Израиль дәрігелері 4 келіншектің неліктен көз жұмғанын жіті зерттеген. Шетелдік мамандар перзентхана жабдығының жоқтығы мен қайтыс болған әйелдердің дер кезінде дәрігерлерге қаралмауы – олардың көз жұмуына бастып себеп болғанын айтуда.    

«Біз ресми нәтижені беретін комиссия емеспіз, бірақ білікті мамандармыз. Бізге артылған міндет – Астанадағы әріптестерімізге бар білгенімізді үйрету. Болған жағдайды толық зерттеп, орталықтағы мәселені біліп, жабдықтарды көріп, жұмыс барысын анықтап, аяғы ауыр жандардың өз денсаулығына деген ұқыпсыздығын да саралай келе, оларды құтқарып қалу еш мүмкін болмағынына көзіміз жетті», – дейді MVI медицина орталығының директоры (Израиль) Наталья МЕЛЕХ-ХЕДВАТ.

Дегенмен, жергілікті дәрігерлер асығыстық танытпай, ресми зерттеу жұмыстарының нәтижесін күткен жөн дейді. Ол алдағы 10 күнде дайын болуы керек.

«Ресми жауапты күту өте ұзақ уақыт алады. Тексеріс жүргізетін мамандарды тауып, перзентхана мен қайтыс болған жандар қаралған аурухананы прокуратура толықтай тексеруі керек. Бәрін басынан бастап анықтау қажет. Сондықтан ресми жауап шығару мерзімі созылып кетті. Республикалық комиссияның жауабы 20 тамызда белгілі болады», – деп пікір білдірді Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия РҮСТЕМОВА.

Көз жұмған әйелдер дүниеге әкелген нәрестелердің қал-жағдайы жіті қадағалануда.  Екі шақалақ қазір туыстарының қарауында. Олардың өмірлеріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Ал қалған екеуі – мамандардың бақылауында. Олардың бірі неврологиялық бөлімде ем-дом қабылдауда. Жағдайы орташа ауыр деп саналады.

Естеріңізде болса, биыл маусым-шілде айларында Астана перзентханаларында төрт әйел белгісіз себептермен қайтыс болған еді.

Нұржан Сәдірбай, «Алматы» телеарнасы


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир