Ыңғайлы мобильді
қосымшаны қолданыңыз:
cоңғы жаңалықтар, видео-материалдар және телебағдарламалар

Астанада 57 ескі лифтті ауыстыру қажет

Астанада көпқабатты нысандардағы 57 лифт ауыстыруды қажет етеді. Оның 19-ы апаттық күйде болса, қалған 38-інің сапасы тым нашар. Жеделсаты қызметіне шағымданған тұрғындар арнамыздың whats up нөміріне хабарласты. Олардың айтуынша, лифтімен жоғарыға шығу үшін кезекке тұру керек.

«Бауыржан Момышұлы көшесіндегі тұрғын үй кешенінде лифт мәселесі өте өзекті. Тұрғындарға берілген үш лифтінің тек беруі ғана жұмыс істейді. Мысалы, біріншісіне келетін болсақ, 8 жылдан бері істен шыққан. Жалғыз істейтіні тек 4 адамды көтеру ғана қауқарлы. Ал үшіншісін осыдан бір ай алдын істеп тұрған. Бірақ мына жердегі хабарламада, оның істен шыққанын және жақын арада қайтадан қосылатыны жазылған. Бірақ арада қанша уақыт өтседе, ешқандай нәтиже жоқ. Осылай, міне, тұрғындар таңертең және кешкісін кезек-кезекпен 10-15 минут күтуге мәжбүр»

Момышұлы көшесінің бойындағы жетінші үйдің тұрғындары шағым айтып бармаған жеріміз қалмады дейді. Бірнеше жыл ешкімнен қайыр болмағасын, 5 млн теңгеге өздері сатып алған. Бірақ оның өзі де қазір істен шыққан. Күн сайын жөндеп береміз деген мамандардан әлі қайыр жоқ. Алайда ай сайынғы коммуналдық қызмет төлемдерін төлеуге мәжбүрміз дейді.

«Бұның өзі бізге қиындық тудырып жатыр. Бұның өзі тұрып қалады. Түсіп кетеміз астына. Бала бар. Мен баланы міңгізе алмаймын. далаға шығара алмаймын, кіргізе алмаймын. + Айтып жатырмыз КСК-ға. КСК бізді ойламайтын болса, біз үшін жұмыс істемейтін болса, неге айлап ақша төлеп отырамыз бұл кісілерге.  Айтып жатырмын КСК-ға жұмыс істемейді. Жұмыс ітегісі келмейді»,-деді Майра БИСЕЕВА.

«5 жыл бойы ресейлік темірарқандарды сатып алып келдік. Олар мұндай қытайдың лифтілеріне көп шыдамайды. Сондықтан бұл құрылғы уақытша істемей тұр. Қазір Қытайдан күтіп отырмыз арқанды. Біз бұл қолайсыздық туралы айттық, жиналыс жасадық. Тұрғындардың неге наразы екендігін білмеймін. Енді бір апта күтсе, мәселе шешіледі»,-деді  жеделсаты компаниясының басшысы Виталий ХЛЕВНЮК.

Бұл бір ғана мысал. Қаладағы адамның мініп-түсуіне арналған 57 құрылғыны шұғыл түрде ауыстыру керек. Олардың 19-ы апаттық жағдайда. Қалғаны ескірген. Жыл басынан бері Астанада 2017 жылы лифтіге қатысы бар 7 жағдай тіркелсе, биыл 5 айда 8 оқыс оқиға орын алған. Президент сынынан кейін қала басшысы Әсет Исекешев тиісті басшыларға оларды қатаң қадағалауға алуды тапсырған еді.

«Жеделсатылардың қызметіне жауап беретін компаниялардың мемлекеттік тексеруден өтуі мен оларға лицензия беру-бермеу түсінігі бұрындары болатын, кейін ол күшін жойды. Сондықтан олардың көбісі қызметтеріне дұрыс қарамайды. Тұрғындардың жалғыз қолынан келетіні - жұмысына атүсті қарайтын компаниямен келісімшартты үзу. Астанада жалпы саны осындай 70 жеке компания бар. Қалағанын таңдауға болады»,-деді Астана қаласы құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің маманы  Мәди ИСАБЕКОВ.

Мамандардың айтуынша, лифт жалпыға ортақ мүлік болғаннан кейін, оны таңдауын да дұрыстап жүргізуін қадағалау керек. Диспетчермен байланыс тетігі болып, электрондық жүйесі дұрыс істеуін қадағалан жөн. 

«Шақырғанда оны қарау керек. Есігі өз бетімен ашылса, жайдан-жай онда мұқтият болу керек. Қарау керек. Сіз ешқаНДАЙ әрекет жасамайсыз. + Диспетчер бар ғой. соларға қоңырау шаласыз. Олар қандай керектігіне жауап береді»,-деді  Астана қаласы индустриалдық даму және өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің бас сарапшысы Қайрат ҚАРЖАУБАЕВ                                                                         

Айта кетейік, сауірдің бесі күні Ақтөбеде тележурналист жеделсатыға қысылып жан тапсырған. Ал 22 мамырда Атырауда қос жеткіншек лифт шахтасына құлап қаза болған еді.