|
28.12.2017 | 16:55
1829

Астанада көліктерін тыйым салынған орындарға қоятындармен қатаң күрес жалғасуда

Астанада көліктерін тыйым салынған орындарға қоятындармен қатаң күрес  жалғасуда. Жыл басынан бері темір тұлпарын дұрыс қаңтармаған 4 мың жүргізушіге айыппұл салынған. Ал мереке сайын бұл тіптен өзекті мәселеге айналады. Осыған орай Астананың жергілікті полиция қызметі арнайы рейд ұйымдастырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қазір Астананы ақұлпадан тазарту қиындаған. Өйткені, жүргізушілердің көбі көліктерін жол жиегіне тастап кетеді. Антон Ибрагим рұқсат етілмеген жерге темір тұлпарын қойғаны үшін көлігі айыптұрағын әкетілген. Ол өз кінәсін мойындап, полиция қызметкерінен көлігін айыппұл тұрағынан қалай алатындығын сұрады.  

«Бар болғаны 5 минутқа тауар алам деп, базарға соғып едім. Шықсам, автокөлігім жоқ. Сұрастырсам, айыптұрағына алып кетіпті. Қателігімді мойындаймын. Бұдан былай көлігімді дәл осылай қоймайтын боламын», - деді көлік иесі Антон ИБРАГИМ.

Жол патрулдік полиция қызметкерлері жүргізушілердің көбі көліктерін тиісті орынға қоймайды, дейді. Кесірінен кептеліс туындайды. Осы мәселемен күресуге 50-ден астам арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Жалпы, жыл басынан заң бұзған 4 мыңнан аса жүргізушіге айыппұл салынып, 2 мыңға жуық көлік айыптұрағына жеткізілген.

«Бірінші рет 597 бап бойынша,1-ші тармағына қатысты 10 АЕК әкімшілік шара қолданылады. Екінші рет бұзған жағдайда - 15 және 20 АЕК айыппұл салынады. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 797-бабына сәйкес автокөліктерін тастап кеткен азаматтарды айыппұл тұрағына қоюға құқымыз бар», - деді Астана қаласы ІІД жергілікті полиция қызметінің бөлім басшысы  Рүстем ӨМІРБЕКОВ.

«Қазіргі таңда 4 мыңға жуық автокөлік иелері 597 бап бойынша әкімшілік жазаға тартылып, оларға 82 миллион теңге көлемінде төленіп, өндірілірп алған сома 60 пайыздан асады. Сонымен қатар, Әкімшілік кодексінің 601 бап, яғни «жол бергілерін елемейтін» автокөлік иелері 5 мыңға жуық. Оларға 27 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Қазіргі таңда 18 миллионға жуық айыппұл өтеп алынды», - деді Астана қ. ІІД ресми өкілі Софья ҚЫЛЫШБЕКОВ.

Естеріңізге сала кетейік, біраз уақыт бұрын жол жүру ережесіне енгізілген өзгертулермен толықтыруларды мәжіліс депутаттары мақұлдаған. Мәселен, бұрын  мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тұраққа машинасын қойып кеткен жағдайда 113 мың төлеу керек еді. Бұдан былай 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған. Ал өзге де тыйым салынған жерге тоқтағандарға айыппұл екі есеге азайған болатын.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир