|
20.06.2018 | 15:05
1161

Астанада көп қабатты тұрғын үйде өрт шықты: 25 бала құтқарылды

Астанада көп қабатты тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК-ға сілтеме жасап.

Ведомствоның ақпараты бойынша, сәрсенбі, 20 маусым күні 10.48-де Айнакөл көшесіндегі үйде 1 қабаттан 14 қабатқа дейін жеделсаты шахтасында 55 шаршы метрлік электр сымы жанып кеткен. Өрт 11.30-да ауыздықталып, 11.42-де сөндірілді.

«Өрт сөндіру кезінде 80 адам, соның ішінде 25 бала эвакуацияланды. 12 адам, соның ішінде 6 бала құтқарылды. Ешкім зардап шеккен жоқ», - деп нақтылады ТЖК-да. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Оқиға орнына 59 өрт сөндіруші мен 15 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

тұрғын үй
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир