|
22.12.2017 | 18:06
1065

Астанада Сирия мәселесін шешуге қатысты 8-ші раунд басталды

Астанада Сирия мәселесін шешуге қатысты 8-ші раунд басталды. Кездесудің алғашқы күні әдеттегідей жабық есік форматында өтуде. Бұл жолғы басқосуға да кепілгер Ресей, Түркия және Иран елдерінің өкілдері қалмай келген. Одан өзге, сириялық Қарулы оппозиция өкілдері де бой көрсетті. Жан-жақты келіссөздер барысында қаза тапқандардың денесін қайтару, құрылған қауіпсіз аймақтардың жұмысы және ЮНЕСКО-ға енген мәдени мұраларды сақтау мәселелері тілге тиек етілмек. Айта кетейік, Ресей Президенті осыдан екі апта бұрын Қазақстанда тыйым салынған ДАИШ ұйымы жасақтары Сирияда талқандалғанын  мәлімдеген болатын. Алайда, терроризмге қарсы халықаралық коалиция толық жеңіс туралы әлі мәлімдей қойған жоқ. Еске сала кетейік, Сирия қақтығысы бойынша Астанада жыл басынан бері өтіп келе жатқан біршама кездесулердің 4-ші раундында «қауіпсіз аймақтарын құру» мәселесі шешілген-ді. Сол келісім негізінде бүгінге дейін, Сирияның оңтүстігіндегі Идлиб, Хомса елді-мекендерінде тыныштық орнап, шиеленіс сәл бәсеңсіген. 

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

Иран
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир