|
27.06.2018 | 19:34
2012

Астанада Сот төрелігі академиясының алғашқы магистранттары диплом алды

Астана қаласында Сот төрелігі академиясын аяқтаған алғашқы магистранттарға диплом табысталды. Болашақта судья болам деген 62 түлекті Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асанов құттықтады. Бұрынғы Бас прокурор жуырда Фемида өкілі атанатындарға төрешілікте тура, мансаптары сәтті, еңбектері қайырлы болсын деген тілек білдірді. Алпыстан аса магистрант оқу барысында құқық пен сот процестері мәселелерінен бөлек, шешендік өнер, сот риторикасы мен сыни ойлау пәндерінен дәріс алған. Әзірге 44 магистрант Жоғары Сот Кеңесінде біліктілік емтихандарын ойдағыдай тапсырған. Енді оларды соңғы сынақ - психологиялық тестілеу күтіп тұр. Араларында психологиялық дайындығын дәлелдей білгендері, жақын арада судьялар корпусын толықтаратын болады.

«Осы оқыған екі жылдың ішінде бұлар  32 пәнді оқып, емтихан тапсырды. Соның ішінде заң проблемасының пәндері. Олар жай ғана студент сияқты емес, жай магистранттар сияқты емес, бұлар сот тәжірибиесіне сүйеніп, соттардан жиналған кейстарды шешіп, заң мен порцесстің проблемаларын зерттеді деп айтуға болады»,-деді ҚР Жоғарғы сот жанындағы сот төрелігі академиясының ректоры Төлеш ҚАУДЫРОВ.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир