|
25.09.2017 | 15:37
880

Астанада төрешіні соққыға жыққан боксшы мен оның бапкері спорттан аластатылуы мүмкін

Астанада төрешіні соққыға жыққан боксшы Рахат Маржықпаев пен оның бапкері бір жарымға жылға спорттан аластатылуы мүмкін. Бұл туралы Қазақстан спорт федерациясының өкілі Болат Әбдірахманов мәлімдеді. Оның айтуынша, мекеме басшылығы қазір ішінара өзіндік тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Келеңсіз жайт - өткен аптада Астанада өткен турнирде тіркелген еді. Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атағына иегер Рахат Маржықпаев өзінің қарсыласы Аман Қазанғаптан ұпай санымен жеңілген. Төрешілердің шешімімен келіспеген тарап, жекпе-жекке қазылық еткен адамға жұдырық ала жүгірген.

¤«Қазір бокс федерциясы тарапынан тексерулер басталды. Соңғы шешім әлі шыққан жоқ. Мұндай жағдай осыдан 5 жыл бұрын Қостанайда тіркелген еді.  Ол кезде бапкер 1 жылға спорттан аластатылған», - деді Қазақстан Республикасы бокс федерациясының үйлестірушісі Болат ӘБДІРАХМАНОВ.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
Прямой эфир