|
17.08.2018 | 13:42
996

Атырауда малға арналған крематорий салынады

Қала әкімдігі бұл жобаға 317 миллион теңге бөлді.

Атырауда үй жануарларын өртеуге арналған крематорий салынады. Қала әкімдігі өлген мал өртелетін қорымды салуға 317 миллион теңге бөлді, деп хабарлайды BNews.kz Ақжайыққа сілтеме жасап.

Атырау қаласының әкімдігі нысан құрылысын осы жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланып отырғанын, сондай-ақ жоба мемлекеттік сараптамадан өтіп, тендер жарияланғанын хабарлаған.

Мемлекеттік сатып алулар сайтында «Алаңы 565 шаршы метр болатын мал қорымы Атырау-Астрахан трассасынан оңтүстікке қарай 5 шақырым жерде орналасқан» деп көрсетілген.

Жоба бойынша 2 гектар қоршалған аумақта 3 биотермиялық шұңқыр, 3 крематор және ветеринар кабинеті орналасатын бір қабатты 3 ғимараты бар кешен салынады. Тәулік бойына күзетіледі. Мал «крематорийінде» бір уақытта 8 тонна қалдыққа дейін жоюға болады.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир