|
27.07.2018 | 12:13
1681

Ауылдық жердегі кәсіпкерлерді қолдауға 44 млрд теңге қарастырылады

Бизнеске берешек беріледі. Нақтырақ айтсақ, елімізде ауылдық жерлердегі кәсіпкерлерді қолдайтын «Еңбек» бағдарламасына биыл 44 миллиард теңгеден артық сома қарастырылмақ.  

Несиелендіру қаржысының жартысы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы беріледі. Басқарма төрағасы Жандар Омаров өткен жылы бұл бастамаға 16,6 миллиард теңге бөлінгенін тілге тиек етті. Жалпылай алғанда, бүгінгі күнге дейін ауыл-шалғайда тәуекел етіп, өз бизнесін бастаймын дейтін 2 мыңнан астам адам қаржы институтынан қарыз алған.

«2018 жылдың 1 шілдедегі жағдайға тоқталсам, бағдарлама аясында 10,1 миллиард теңге сомасына 2835 қарыз берілді. Оның ішінде, «Бизнес-бастау» бағдарламасына қатысушы 4,2 миллиард теңгеге 1315 жоба қаржыландырылды», – деді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасы Жандар ОМАРОВ.

Айта кеткен жөн, «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде жеңілдетілген шағын несиелер 5 жылға дейін беріледі. Шаруа қожалықтары мен фермерлік жобаны қолға алғандарға 19 миилион теңге көліміне дейін несие беріледі. Оның жылдық сыйақы мөлшері 6 пайыздан аспайды.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир