|
05.07.2018 | 14:25
1364

Автотұрақ ақысын интернетпен төлеушілер арасында жарыс өтті


ҚазАқпарат - 5 маусым мен 1 шілде аралығында Астана қаласының 20 жылдығына орай елордадағы Нұржол желекжолы бойында орналасқан ақылы көлік тұрақтарының операторы «Паркуйся activно» шарасын өтті. Бұл туралы «Астананың көлік тұрағы кеңістігі» ЖШС баспасөз қызметі хабарлайды.


Шара active ұялы байланыс операторымен бірлесе ұйымдастырылған және Астана көше-жол желісінің ақылы көлік тұрақтары қызметін насихаттауға бағытталған еді.

Шараға 471 автокөлік иесі қатысты. Қатысушылардың жас шамасына шектеу қойылған жоқ, басты шарт - тұрақ ақысын смс-хабарлама арқылы төлеу болатын. Шара қорытындылары бойынша үш жеңімпаз анықталды. Төленген тұрақ сағат санын ең көп жинақтаған - К.Жайықов болып анықталды. Қаланың басқа бөлігінде орналасқан жекеменшік компанияның қызметкеріне, бір ай бойы көлігін ақылы тұрақтарға тегін қою құқығын беретін сертификат табыс етілді. Ақылы көлік тұрағын Ы. Құлатай бір апта бойы, ал Т.Қамытбаева бір күн бойы тегін пайдала алады.

Бір айта кетерлігі, шараның алғашқы екі жеңімпазының жұмыс орындары Нұржол желекжолында орналаспаған. Алайда, бұл жайт аталған жүргізушілердің коммуналдық тұрақ ережелерімен мұқият танысып, тұрақ ақысын дер кезінде төлеуіне бөгет болған жоқ. Астана қаласының мерейтойы қарсаңында, бұл жеңістер автокөлік иелері үшін жағымды тосынсый болды. Жүлде сертификаттарын шара жеңімпаздары үсітіміздегі жылдың 1-қазанына дейін пайдалана алады.

Естеріңізге сала кетсек, ақылы көлік тұрақтары жобасы Астана қаласындағы Нұржол желекжолында ағымдағы жылдың 15-қаңтарынан жұмыс істей бастаған еді. Бұл жерде 487 тұрақ орыны орналасқан және олардың әрқайсысы жол таңбасымен белгіленген. Тұрақ ақысын Нұржол желекжолы бойында орналасқан 12 паркоматпен қатар, active, Kсell ( корпоративтік байланыстан басқа) және Beeline абоненттері үшін смс-хабарлама көмегімен, жеке кабинет , «Касса 24» және Kaspi терминалы арқылы, сондай-ақ арнайы мобилдік қосымша көмегімен төлеуге болады.

Сөз реті келгенде тағы да айта кетелік, тұрақ ақысы таңғы 8 -ден кешкі 8-ге дейінгі аралықта 100 теңге. Төлемақы тұрақ сессиясы басталған сәттен бастап, алғашқы отыз минут ішінде жүзеге асырылуы тиіс. Демалыс және мереке күндерінде тұраққа көлік қою тегін. Паркоматтар орналасқан орындар, оларды пайдалану тәртібі және төлем тәсілдері туралы ақпараттарды www.2888.kz. сайтынан алуға болады. Сондай-ақ аталған ақпаратты 8-800-080-28-88 нөміріне хабарласып, біле аласыз.

Көлік тұрағын тегін пайдалану құқығына Ұлы Отан соғысының ардагерлері, өздері үшін арнайы орындар белгіленген бірінші және екінші топ мүгедектері, «Алтын Қыран» және «Халық қаһарманы» ордендерінің иегерлері», «Алтын Алқа» және «Күміс Алқамен» марапатталған көп балалы аналар, Семей ядролық полигонындағы жарылыстардан зардап шеккендер және Ауғанстандағы және басқа да жауынгерлік әрекеттер ардагерлері мен мүгедектері ие.



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

жарыс
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир