|
13.06.2018 | 14:30
1113

Білім министрі күйіп қалған мұғалімге қатысты пікір білдірді

Қазақстанның білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Ақмола облысында мектепті жөндеу кезінде күйіп қалған мұғалімге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Мән-жай анықталып жатыр, көмектеспек болыпты…. Әлбетте, оған жәрдем беруге тырысамыз, жергілікті атқарушы органдармен сөйлесу керек. Жинап, көмек беруге тырысамыз. Әуелі анықтау қажет", — деді Сағадиев Sputnik тілшісіне.

Бұдан бұрын Ақмола облысы полициясы Зеленый бор ауылында мектепті жөндеу кезінде ыстық смолаға күйіп қалған мұғалімнің оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғаған болатын. "Еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Облыстық білім беру басқармасының мәліметіне сүйенсек, мектеп гимназиясының шатыры бұзылып, жөндеу жұмыстарына қызметкерлер мен үш мұғалім жұмылдырылыпты.

Тарих пәні мұғалімі Ринат Шарафутдинов шелекпен ыстық гудрон әкеле жатып, құлап қалған. Салдарынан смола үстіне төгіліп, жас жігіт күйік алыпты. Жазатайым оқиғаның себептерін білу үшін жұмыс комиссиясы құрылды.

Оқиға 5 маусымда болды. Жас ұстаз қазір Ақмола облыстық ауруханасында. Дәрігерлердің айтуынша, хәлі бір қалыпты.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир