|
21.04.2017 | 11:30
2216

Бір жылда 36 мұғалімді жұмыстан қуған директор арнамызға келіп сұхбат берді

Бір жылда 36 мұғалімді жұмыстан қуған директор арнамызға арнайы келіп, сұхбат берді. Осыдан бірнеше күн бұрын Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қайназар ауылында болған даулы мәселе туралы сюжет  арнамыздан көрсетілген еді. Шоқан Уалиханов атындағы мектеп директоры Табыс Аблайханов мұғалімдер сөзін жалаға теңеді.  Толығырақ мәселенің мән жайын әріптесім Нұрсейіт Жылқышыбай тарқатсын.

Жәмилә Омарқұлова, Қайназар ауылындағы мектепте отыз жылдан астам уақыт бойы тарих пәнінің мұғәлімі болып қызмет атқарған. Қазір зейнет жасында. Айтуынша, білім орда басшысы өзіне тиесілі жұмысты дұрыс атқармайды деп отыр.  Тіпті, ауыл тұрғындары мен мұғәлімдер әділдік іздеп Еңбекшіқазақ аудандық соты мен прокуратурасына, тіпті Алматы облысының білім басқармасына да шағымданған. Бірақ, көптің көңілі көншитін іс тындырылмапты. Тек ,мектеп директоры үш айға  жұмысынан алынып, жуырда ғана үйреншікті қызметіне қайта келсе керек. 

«Орнына жаңа директор келіп тыныштық орнаған еді. Алайда, барлық проверкадан өтіп өзінің минустары дәлелденіп отырып қайта директорлық қызметке жайғасқанын түсінбей отырмыз. Осындай проверкадан өтіп отырып өз жұмысына жайғасқанына халықтың наразылығы туындап отыр»,- деді Еңбекшіқазақ ауданы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі география пәнінің мұғалімі, Гүлнәр ЕРКЕНОВА. 

2005 жылдан бері Шоқан Уалиханов атындағы мектепті басқарып келе жатқан Табыс Аблайханов ұстаздардың бұл пікірімен мүлдем келіспейді. Айтуынша, менің бетіме күйе жағушылар нақақтан - нақақ жала жауып, менің директорлық қызметіме көз тігіп отыр дейді.

«Былтыр 12 ұстаз жұмыстан кеткен. Оның жетеуі зейнеткер еді. Ал қалғандары отбасылық жағдайға байланысты көрші ауылдарға ауысты. Мысалға, Талғарға, Есікке, Ұланға деген сияқты. Менің стажым отыз жыл. Басты мақсатымыз өскелең жастарға өнегелі білім мен тәрбие беру. Оны ұйымдастырып отырған адамдарға менің орным керек болып отыр .Халық деп айтады. Ол - ұйымдасқан топ. Қыркүйек айынан бастап шырғалаңға салып жатыр. Оқу процесіне үлкен зиян келіп жатыр»,- деді Еңбекшіқазақ ауданы Ш. Уәлиханов атындағы орта мектептің директоры, Табыс АБЛАЙХАНОВ.  

2016 жылдан бері Табыс Аблайхановтың қорғаушысы қызметін атқарып келе жатқан Гүлнәр Мураталиеваның пікірінше, наразылық танытып жүрген тұрғындар мен ұстаздар заң бұзушылыққа барып отыр дейді. Ал, бір жылда 36 мұғалімнің жұмыстан кетті дегенін қауесетке теңеді. 

«Дәлел болмағандықтан Аблайхановты өз орнына отырғызды ғой. Соған разы болмай жатқанда шуларын қоймай жатыр. Мақсаттары орнынан алу болу керек.  Бірақ, мен оларға айтарым. Олардың жала жабуы ҚР 130 бабына сай қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Егер дәлелдері болмаса»,- деді Т. Аблайхановтың қорғаушысы, Гүлнар МҰРАТАЛИЕВА.  

Еске сала кетсек ,2009 жылдан бері мектеп директоры Табыс Аблайхановтың үстінен лауазымдық өкілеттілігін теріс пайдаланды деп қылмыстық іс қозғалған болатын. Артынша 2016 жылдың 28 желтоқсанында қылмыстық іс қысқартылыпты. Алайда, Қайназар ауылындағы даулы мәселенің мән жайын білу мақсатында облыстық білім басқармасына хабарласып, аудандық әкімшілікпен білім бөліміне де барған едік. Алайда жауаптылар бұл іске қатысты әлі үнсіз.    



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир