|
22.01.2018 | 09:04
1082

Биыл Алматыда 4 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылмақ

Биыл Алматының Бостандық ауданында инвесторлар есебінен 4 мектепке 900 орындық жапсарлас ғимарат салынады. Сондай-ақ, 20 мектепке дейінгі мекеме, 500 шақты балаға арналған қос балабақшаның да құрылысы басталғалы отыр. Осының арқасында 4 мыңнан аса адам жұмысты болмақ. Әкімнің жылдық есебіне келген аудан тұрғындарын әсіресе көріктендіру, көшені тазалау мен жарық шамдарын орнату секілді мәселелер алаңдатты. 2018-ші жылы 27 шақырым болатын 19 көшеге орташа, ал 8 шақырымға жуық арық жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

«Өткен жылы өзіміздің Біржан, Байқадамов, Тимирязев, Байтұрсынов көшелері жөнделген болатын. Ендігі жылы Байзақов жөнделетін болады. Заманауи талаптарға сай кәдімгі көшелердің бойында халыққа серуендейтін жерлер салынатын болады. Сонымен қатар, Ғабдуллин көшесін жөндейтін боламыз», - деді Алматы қаласы бостандық ауданының әкімі Бекқали ТОРҒАЕВ.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир