|
20.11.2017 | 17:20
2553

Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 77 мың тұрғын үй пайдалануға берілді

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының аясында 2017 жылдың 10 айында 13 мың пәтер мен 77 мың тұрғын үй пайдалануға берілген. Аталмыш көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда, 10 пайызға артық. Жалпы, елімізде тұрғын үй құрылысына 800 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлінсе, оның 120 миллиарды мемлекет қазынасына тиесілі. Естеріңізге салайық, қараша айының басында «Нұр Отан» партиясының фракциясы мемлекеттік бағдарламалардың Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында жүзеге асыру барысын тексерген болатын. Дәлірек айтсақ, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымы, су және жылумен жабдықтау желілері, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайтуын арнайы комиссия бақылап қайтқан еді.

«Ал, мына инфрақұрылымды қайта жаңғырту оның ішінде сумен, жылумен жүйелерін қамтылған, жүйелерін жаңғырту мәселе бойынша 47 миллиард теңгеге 103 жоба көрсетілген. Бұл жобалардың 47-сі Қызылорда облысында. Ал, 36 пайызы Шығыс Қазақстан облысында жүзеге асырылуда», - деді  ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Балайым КЕСЕБАЕВА.

Мәжіліс депутаты аталмыш жобаларға қатысы бар тағы бірнеше облыстар мен қалаларды атады. Оның ішінде осы 10 айда бөлінген қаржыны тиімді және қарқынды игеріп, жақсы нәтиже көрсетіп келе жатқандар қатарында - Батыс Қазақстан және Жамбыл облысы, сондай-ақ  Алматы қаласы бар екен.  Ал, қаржыны игере алмайтындар тізіміне Шығыс Қазақстан, Алматы және Павлодар облыстары кіреді - деп қорытындылады депутат.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
Прямой эфир