|
04.04.2018 | 10:15
1197

Биыл ұстаздардың жалақысын көтеруге қосымша 62 млдр теңге бөлінеді

Мұғалімдер жалақысын көтеруге биыл қосымша 62 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді. Республикалық бюджеттің 2018 жылға арналған заң жобасы бойынша шығын көлемі 417 млдр теңгеге артпақ. Осыған орай, жалпы жылдық бюджет  9 трлн 643 млрд тенгені құрайтын болады. Қаражаттың басым бөлігін, яғни, 100 млрд теңгені адами капиталға жұмсау көзделіпті.

Сейсенбі сайын әдетінше бас қосатын шенділер ең алдымен биылғы жылдың республикалық бюджетіне тоқталып, жылдық шығындарды есептеді. Бақыт Сұлтанов өз кезегінде жаңа заң жобасын министрлер кабинетіне ұсынып, әр салаға жеке-жеке тоқталды. Белгілісі, биыл ұстаздардың жалақысын көтеруге қосымша 62 млдр теңге бөлу көзделген. Сонымен қатар, әлеуметтік қызметкерлерге берілетін жәрдемақыға 2,7 млдр теңге бөлінбек. Одан өзге, Елбасының «бес әлеуметтік бастамасын» іске асыру жайы тағы бар.

«Ауылдық елді-мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуге қосымша 31 млрд теңге бағытталатын болады. Екіншіден, салынып жатқан тұрғын үй объектілеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жеткізуге 31,5 млрд теңге. Кейбір қылмыстық іс-шараларға 71 млрд теңге және Президеттің «бес әлеуметтік бастамалар» шеңберінде іс-шараларды іске асыруға және 3-4 бастамалар бойынша  25 млрд теңге бағыттау ұсынылады», - деді ҚР Қаржы министрі Бақыт СҰЛТАНОВ.

Премьер-министр алдында есеп берген Ерлан Сағадиев өз кезегінде 2016-2019 жылдарға арналған білім және ғылым саласындағы жобаларға тоқталды. Жетістіктермен қатар, кемші тұстарды да ұмытпады. Министрдің мәліметі бойынша, балабақша тапшылығы қазіргі кезде кей өңірлерде түйткілді мәселеге айналған. Демек, Астанада кезекте тұрғандар саны - 27 мың,  Алматыда 23 мыңға жуықтайды, Оңтүстік Қазақстанда - 25 мың, Алматы облысында - 13 мыңға жеткен. Осыған орай, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқылы осы мәселені шешуді ұсынды. Оған жергілікті билік өкілдері ат салысуы тиіс.

«Осыған байланысты әкімдіктер бекіткен жол картасы бойынша нақты жыл сайынғы индикаторларды орындауы тиіс. Бұл жұмысты мемлекеттік жеке меншік әріптестік механизм арқылы күшейту қажет. 5 сыныпты енгізу үшін дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді  ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан САҒАДИЕВ.

Ал денсаулық сақтау саласына тоқталған Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жергілікті халық пен ақ халаттылар арасындағы байланысқа тоқталды. «Цифрлық Қазақстан»  бағдарламасы аясында енді ел азаматтарына қажетті  скринингтік тексеру өту қажеттілігі смс арқылы жолданатын болады. Бұл өз кезегінде түрлі дерттерді ерте кезде анықтауға септегін тигізбек.

«Атаулы профилактиканың тиімділігін арттыру мақсатында мынадай іс-шаралар іске асыру жоспарлануда. Біріншіден, барлық өңірлерде скрининг  туралы смс хабарлантдыру және push-хабарлама жіберу.  Төрт пилоттық өңірде мобильдік қосымша арқылы скринингке онлайн жазылу.  Артериялық гипертензия бойынша предиктивтік диагностика жүргізу үшін жинақталған деректерді талдау», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ.

Мұның ішінде дәрігерлерді қағазбастылықтан арылту жағдайы да сөз болды. Біртанов қазіргі кезде еліміздің медициналық мекемелерінің 80 пайыздан астамы ғаламторға қосылған деді. Осы жылы облыс әкімдіктері мен Астана қаласының шенділері медициналық мекемелерді 100 пайыз қажетті техникамен қамтуы тиіс. Медициналық құжаттарды электрондық форматқа ауыстыру  мәселесі жаңа жылдан бері басталған. Енді әр аймақ белгіленген мерзім бойынша жаңа форматқа ауысып бітулері керек.


Назым Мәлікқызы, Олжасбек Мәденов, «Алматы» телеарнасы Астанадан


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир