|
29.12.2017 | 17:51
2057

«Болашақ» бағдарламасымен оқуға кеткен Асқар Жұмабаев Нью-Йоркта көз жұмды

АҚШ-қа «Болашақ» бағдарламасымен оқуға кеткен Асқар Жұмабаев Нью-Йоркта көз жұмды. Еліміздің  Сыртқы істер министрлігі таратқан ақпарға сәйкес, 35 жастағы ер азамат жүрек ұстамасынан қайтыс болған.

«Қайтыс  болған адамның денесі Нью-Йорктегі Қазақстан бас консулдық көмегімен Қазақстанға жеткізілген. Америкалық дәрігрелердің ақпараты бойынша қайтыс болу себебі, жүректің тоқтауы болды», - деді ҚР СІМ ресми өкілі Әнуар ЖАЙНАҚОВ. 

Сонымен қатар, Латвияның полицейлері Асылбек Мусиннің он бесінші қабаттан құлағанын растады. Әрі, осы жағдайға орай, қылмыстық іс қозғаған. Айта кетейік, оқыс жағдайда көз жұмған Асылбек Мусин Қазақстан елшілігінде тіркеуге тұрмаған. Бірақ, кей ақпарға сәйкес, аталмыш қалада тұруға  рұқсат қағазын алыпты. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президенті Әкімшілігінің экс басшысы Аслан Мусиннің баласы 24-ші желтоқсанға қараған түні жоғары қабаттан, құлап бақилық болған еді.  

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир