|
11.05.2018 | 12:11
2432

Болашақ офицерлер батырлардың ерлігіне тағзым етті

Бауыржан Момышұлы атындағы «Жас ұлан» республикалық әскери мектебі Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 73 жылдығына арнайы сап түзеді. Салтанатты шарада болашақ әскерилерге жаңа шен табысталып, оқушылар өз даярлықтарын жұртшылық назарына ұсынды.  Негізі 1983 жылы қаланған оқу орнын осы уақытқа дейін 5 мыңнан астам түлек бітіріп шығыпты. Ал жыл сайын 400-ге жуық жеткіншекті Отан қорғау ісіне кәсіби даярлайды.

«Бұл балалар келешекте әскери мектепке түседі. Мен қарасам, бұрынғы мектепке  қарағанда, керемет материалдық база жасады. Сөйтіп, балалар осы жерде жақсы өсіп, өніп, ер жігіттер болады. Келешекте училищеге түсіп, мен сияқты мүмкін генерал болатын шығар», - деді ҚР Қарулы күштерінің құрметті ардагері Алмасбек ӘБДІРАХМАНОВ.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир