|
06.09.2018 | 16:11
1170

Данияр Елеусіновтің жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Бокстан олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі 20 қазан күні АҚШ-тың Бостон қаласында өтеді. Бұл туралы спортшының өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Sputnik.

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов жанкүйерлерімен кезекті жаңалығын бөлісті. Жұрт асыға күтіп жүрген жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды.

«Келесі жекпе-жегімді 20 қазанда АҚШ-тың Бостон қаласында өткіземін», - деп жазды ол инстаграм желісіндегі парақшасында.

«Қазақ мотодоры» атанған отандасымыздың қарсыласының есімі әзірге белгісіз. Бұл жекпе-жек Деметриус Андраде мен Билли Джо Сондерс арасында WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулына таласу кешінің андеркартында өтеді.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов 27 жаста. Орта салмақ дәрежесінде (66,7 килограмм) өнер көрсетіп жүр. Кәсіби бокста үш кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.




Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир