|
11.05.2018 | 22:25
2291

Демалыс күндері Алматыда өтетін мәдени іс-шаралар

Алматылықтар мен қала қонақтары қандай концерт, қойылым және көрмелерді тамашалай алады? Алдағы күндері қалада жоспарланған мәдени шараларды әріптесім Перизат Көмекбайқызы жіпке тізді.

Алматыда этникалық музыка фестивалі өтпек. Бұл шара халыққа этникалық музыканы насихаттап, осы өнер жолындағы ұжымдарды таныстыруды көздейді. Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Morgenland All Star Band халықаралық ансамблі және отандық «Хазар» тобы өнер көрсетеді. Кеш қонақтары дәстүрлі халық музыкасын, авангард, джаз және рок жанрындағы әндерді тыңдайтын болады.

«Morgenland All Star Band ансамблі әр елдің үздік орындаушыларынан құралған. Атап айтқанда, Әзірбайжан, Түркия, Сирия, Франция, Германия және Польшаның өнерпаздары бар. 11 музыкант түрлі аспаптарда өнер көрсетеді. Кеште жиналған қаржы алматылық «Хазар» этно-фьюжн тобының жаңа  жинағын шығаруға жұмсалмақ», - деді Morgenland Festival Osnabrueck көркемдік жетекшісі Майкл ДРЕЙЕР(ГЕРМАНИЯ).

Алматы қонақтары мен тұрғындары танымал ресейлік әнші Эминнің шығармашылығына тәнті болмақ. 12 мамыр күні ол жаңа «Бумеранг» атты жеке бағдарламасын таныстырмақ. Өнер иесі су жаңа әндерін шырқамақ. Танымал жұлдыз бұған дейін Ресейде ауқымды турне өткізген болатын. Оның аясында 50 қаланы аралап қайтқан.

13 мамырда «Өнер қырандары» «Берекелі мереке» атты әзіл-оспақ концертін қоймақ. Қасиетті Рамазан айының қарсаңындағы кеш Республика Сарайында ұйымдастырылады. Әзілдің астары мен өмірдің ақиқатын жеткізе білген өнерлі жігіттердің бұл төртінші концерті.

Бейнелеу өнерінің ас шеберлері Алматыда бас қосты. Бүгін Әбілхан Қастееватындағы мемлекеттік өнер мұражайында халықаралық суретшілер пленэрі өтті. Оған 20-ға жуық отандық және шетелдік танымал қылқалам шеберлері қатысты. Суреттермен алматылықтар өнер музейінде таныса алады.

Ал қуыршақ театры балаларға базарлық дайындады. «Сағыныш шөбі» спектаклінде Захир Бейбарыстың өмірбаяны сахналанбақ. Қойылым 12 мамырда Қуыршақ тартеатрында көрсетіледі. Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында ақын, драматург Баянғали Әлімжановтың «Супер Серкеш» қойылымы көпшілік назарына ұсынылмақ.

 

Перизат Көмекбайқызы, «Алматы» телеарнасы


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир