|
27.07.2018 | 15:46
1049

Денис Тенге арналған «Біздің Денис» кітабының электронды нұсқасы шықты

Осыдан бір апта бұрын қарақшылар қолынан қаза тапқан мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге арналған «Біздің Денис» кітабының электронды нұсқасы шықты, деп хабарлайды zakon.kz порталы 24.kz сілтеме жасап.

Еңбекті Ұлттық академиялық кітапхананың қызметкерлері әзірлеп, Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайтына орналастырған.

Еңбекті Ұлттық академиялық кітапхананың қызметкерлері әзірлеп, Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайтына орналастырды. Оқырман қауым онда қыршын кеткен отандасымыздың өміріндегі ең жарқын сәттермен таныса алады.

Сондай-ақ мемлекет басшысынан бастап, халықаралық олимпиада комитеті мен әріптестерінің көңіл айту хаттарын, достары және жақындарының естеліктерін оқиды. Туындыға балалық шақтан бергі отбасылық суреттер де топтастырылған.

Айта кетейік, Дениске арналған кітап бастапқыда 60 бет болып шығарылған еді. Бүгінде оның көлемі екі есе көбейтілді. Сонымен қатар ақын-жазушылардың шығармалары енгізілді.

«Денис 21 жасында Құрмет орденімен марапатталған. Ол елінің патриоты болды», – дейді ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы басшысының орынбасары Сәулеш Назырова.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир