|
29.05.2018 | 11:22
2062

Депутаттар елге пальма майының көптеп келуіне алаңдаулы

Елімізде жасанды тамақ өнімдерінің көлемі ұлғайып келеді. Соңғы үш жылдың ішінде шекарамызға енген пальма майы 47 мың тоннаға жуықтаған. Бұл туралы Владимир Божко мәлімдеді. Көпшілік денсаулығына алаңдаушылық білдірген Мәжіліс төрағасының орынбасары құс еті сынамаларының да техникалық регламентке сай емес екенін атап өтті.

Бүгінгі отырыста сөз тізгінін алған Владимир Божко ауылшаруашылығы министрмен бірге ең алдымен Мәжілісте ұйымдастырылған отандық өнімдер жәрмеңкесін аралап өтті. Өмірзақ Шөкеев құрғақ бие сүтінің бағасына таңқалды. Қала тұрғындарына бағытталған бұл тауардың бағасы оған тым қымбат көрінді.

Жәрмеңкеден кейін шенділер кеңсеге беттеді. Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко ең алдымен отандық нарыққа еніп отырған азық-түлік өнімдерінің сапасын қозғады. Оның ішінде сүт өнімдерінің орнын алмастырған, құрамында пальма майы бар жасанды заттардың денсаулыққа аса зиян екенін атап өтті.Тіпті Ресей мен елімізге ағылып отырған аталмыш тауар көлемі жылына 40-50 пайызды құраған.

«Үш жылдың аралығында елімізге әкелінген пальма майының көлемі 60 мың тоннаға жетіп отыр. Негізгі жеткізушілер ол – Eurasian Foods, Рахат және наубайханалар мен кондитерлік өнім өндірушілер. Пальма майының ысыған кезде қауіпті канцерогенге айналатыны  белгілі. Оның қандай зиянды көрсеткішпен елімізге келіп жатқанын бір құдай біледі»,-деді ҚР Парламенті мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир БОЖКО.

Шетелден әкелiнетiн құс етi сынамаларының да 20,3 пайызға жуығы техникалық регламент талаптарына сай келмейтiнi анықталған. Осы тұста Өмірзақ Шөкеев бақылауға кедергі келтіріп отырған жәйттармен бөлісті. Оның сөзінше, қадағалау үш ведомствоның құзырында екен. Екіншіден, тұтынушылардың құқығын қорғауға бағытталған ұйымдар бақылауды күшейту керек,-дегені пікір білдірді. 

«Ішкі нарықты қорғаудағы негізгі түйіткіл ол бірнеше ведомствоның қарауында болуы. Біріншіден, Инвестициялар және даму министрлігі техрегламент ойлап табуы қажет. Одан кейін фермадан сауда орнына түсуін ауылшаруашылығы министрлігі қадағалайды. Сауда нүктерлерінде Денсаулық сақтау министрлігі бақылау жүргізеді. Осыған орай, қарама-қайшылықтар бар. Біз бұл мәселені енді Үкімет деңгейінде қадағалаймыз - деген ойға келіп отырмыз»,-деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары, ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ ШӨКЕЕВ.

Ет өнімдері мен табиғи сүт өнімдерін өндіруге де жіті көңіл бөлінеді. «2017-2020 жылдар» аралығындағы мемлекеттік бағдарламаға сәйкес  ірі қара басын 15 млнға, қойды 30 млн, сүт өнімін 1 млн тоннаға жеткізу жоспарланып отыр екен. Отбысылық шаруа қожалықтарын 380-нен 930 дейін, жайылым көлемін 50 млн гектардан 100 млн гектарға дейін артыруда бар.

«Жобаға қатысушылар үшін, көптеген қолдау шарттары көзделетін болады. Олар жер учаскесін бөлуге басымдық беру. Фермерлік шаруашылықтаға мал басын мен техникалық жабдықты сатып алуа жеңілдікен 15 жылға 4 пайызбен неси беру.Жайылымдарды суландыру үшін, 80 пайыздық субсидия құдықты қазу сияқты шаралар қарастырылған»,-деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары, ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ ШӨКЕЕВ.

Отандық өнімдерді экспорттау жағдайы да айтылды. Ауылшаруашылығы министрі, 30-ға жуық өнімнің тек 5-ке жуығы ғана сырт елдерде сұраныста екенін тілге тиек етті. Айта кету керек, Елбасы 5 жыл аралықта агроөнеркәсіп саласын дамытуға міндет қойды. Оның ішінде, еңбек өнімділігін арттырып, дайын өнімдер экспортын 2,5 есеге өсіруге тапсырма берген болатын. Министр бұл қадам ерекше тәсілді талап етеді,- деді.


 Назым Мәлікқызы, Дәурен Зарипов, "Алматы" телеарнасы Астанадан 

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир