|
25.06.2018 | 11:38
3127

Жаңа қоқыс контейнерлер: Алматыда тұрмыс қалдықтарын сұрыптайтын зауыт пайда болады

Алматыда қоқысты сұрыптап, оны өңдейтін зауыт пайда болады. Бұған дейін тұрмыстық қалдықтар полигонда қордаланатын. Енді қалдықтарды құр сұрыптап қана қоймай, қайта өңдеп, пайдалы бұйымдар шығаруға болады. Инвесторлардың жеке қаржысына салынып жатқан кәсіпорын өз жұмысын шілдеде бастайды. Ал жыл аяғына дейін қаладағы барлық қоқыс контейнерлері жаңартылмақ.

Алматыда жылына 2,5 миллион текше метр тұрмыстық қалдық шығарылады. Бұл 9 қабатты 300 үймен тең. Жауаптылар жыл санап оның көлемінің артатын айтуда. Қоршаған ортаның экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында инвесторлар қалада қоқыс өңдейтін зауыт кешенінің құрылысын қолға алды. Бұл 2020-шы жылға қарай оларды қайта өңдеп қана қоймай, тұрмыстық қалдықтардың жалпы көлемінен 8 пайызға дейін пайдалы компоненттерді алуға мүмкіндік бермек.

«Кешен жылына 550 тонна қоқысты сұрыптап өңдеуге қауқары бар. Бұл алдағы 5 жылға жасалған есеп. Алматы қаласын толықтай қамти алады. Қазір қалада жылына 400-450 тонна коммуналдық қоқыс шығарылады. Құйылған инвестиция 5 миллиард теңгені құрап отыр. Бұл зауыт барлық қоқысты сұрыптап,ішінара өңдеп шығарады. Ал бөлінген инертті материалдар қоршаған ортаға еш зиянсыз. Кешен жанынан қоқысты қайта өңдейтін зауыт салу да жоспарымызда бар»,-деді қоқыс сұрыптайтын зауыт директоры Дмитрий ДАНИЛЬЧЕНКО.

Кешенде қоқысты сұрыптайтын 4 агрегат орнатылған. Шілде айында пайдалануға берілетін бұл зауыт бес жүзден астам жұмыс орнының ашылуына, қала қазынасының бүйірін қампайтуға септігін тигізеді. Айта кетейік, аталмыш кешен Алматы қаласын дамытушы 50 драйвер жобалардың қатарына кірген.

«Барлығы 530-ға жуық жұмыс орны ашылады. Жергілікті бюджетке 500 миллиондай салық түседі. Пластмасс бөтелкелерден, арнайы мекемелер бар қайта өңдеп жасайтын, ол жерден өзіне керектісін алып, пайдаға жаратады»,-деді Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Дияс АХМЕТҚАЛИЕВ.

Қазір қалада қоқыс контейнерлері шоғырланған алаңдар саны 1400. Жыл аяғына дейін олардың барлығы жаңартылады. Тағы бір жаңашылдық. Енді құрғақ қоқыс пен ылғал қалдықтарды бөлек-бөлек салатын контейнерлер пайда болады. Алайда ең күрделі міндет қоқысты бөлек тастауға халықты үйрету. Әлбетте, бұл алматылықтардың мәдениетіне сын.

Азамат Әуезхан, Валерий Таубалдиев, «Алматы» телеарнасы.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир