|
17.01.2018 | 17:16
1888

Жаңарған зейнетақы мен жәрдемақыны ел азаматтары шілде айынан бастап алады

Жаңарған зейнетақы мен жәрдемақыны ел азаматтары шілде айынан бастап алады. Оны жүйеге енгізуді мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назабаевтың өзі кезекті жолдауында тапсырған болатын. Әлеуметтік жәрдемақы көлемі де биыл 6 пайызға көбейді. Сонымен қатар, туа бітті мүгедектігі бар азаматтар кәмелет жасына дейін мемлекеттен көмек алып келсе, қазір оның тәртібі де өзгеріпті. Биылғы жылы енгізілгелі отырған саладағы жаңашылдық мұнымен шектелмейді. Оны толығырақ айтып беру үшін Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Айдынжан Нарматов студиямен тікелей байланысқа шыққалы тұр. Айдынжан Жаңабердіұлы, сіз байланыстасыз. 

- Биыл зейнетақының көлемі мен оның берілу тәртібі қалай өзгерді? 

- Өздеріңіз білетіндей Елбасының Жолдауында мемлекеттік өз әлеуметтік міндеттемелерін толықтай орындайды деп айтылған болатын және де Елбасының тапсырасын орындау мақсатында биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақты зейнетақы 8 пайызға ұлғайды және базалық зейнетақы мен жәрдемақылардың басқа түрлері 6 пайызға ұлғайды. 
Зейнетақы көлемінің артқаны қуантады, әрине. Ал әлеуметтік жәрдемақы көлемі мен оның тәртібі бойынша да өзгерістер бар. Осы жөнінде айта кетсеңіз.
- Бүгінгі таңда, мүгедектердің жәрдемақылары 16 пайызға өсті. Мысалға, былтыр бірінші топтағы мүгедектерге берілетін жәрдемақының көлемі 46919 теңгені құраса, биыл ол 54306 теңгені құрап отыр. 16 пайызға өсті. Және де үйінде мүгедек баланы бағып отырған адамның жәрдемақысы 16 пайызға артты.  
- Елбасы өз жолдауында айтқан жаңа жәрдемақы қалай тағайындалады?  Және оның берілу тәтібі қандай болмақ?
- Елбасы Жолдауында тапсырма берді 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап бала кезінен мүгедек балаларын бағып отырған ата-ана үшін қосымша мемлекет жәрдемақыны еңгізу туралы тапсырма берілді. Бұл тапсырманың бүгінгі таңда ережесі, тәртібі Әлеуметтік қорғау және еңбек министрлігі бүгінгі таңда әзірлеп жатыр. Қалай дайын болады, бұл ақпарат халыққа солай жеткізіледі. 

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир