|
24.10.2017 | 17:30
1587

Жанармай бағасы қарашаның орта шенінде тұрақтайды

Жанармай бағасы қарашаның орта шенінде тұрақтайды. Осыдан біраз уақыт бұрын Президенттен сөгіс алған Энергетика министрі Үкімет сағатында есеп бермегенімен, журналистер сауалынан қашып құтыла алмады. Шендінің сөзінше, жағармай мәселесін шешу үшін ауыздарын арандай ашқан отандық мұнайшылар құлқынына тосқауыл қажет. Әрі, Ресейден келетін жағармай көлемін азайтқан жөн.

«Қазан айында Ресейден әкелінген АИ-92 жағармайдың көлемі 40 пайызды құрап отыр. Соған орай, бағада жоғары. Қараша айында оның көлемі 30 пайыздан да төмен болады деген ойдамыз. Желтоқсанда 20 пайызға түседі. Бірақ бұл тұста отандық өндірушілермен де сөйлесу қажет. Себебі, олардың қояр талабында мейлінше азайту керек. 3 күннен кейін Павлодардағы зауыт іске қосылады», - деді ҚР Энергетика министрі Қанат БОЗЫМБАЕВ.

Астана жақын уақытта газға қосыла ма деген сауалға да жауап берді министр. Бас қаладан бөлек, бүгінгі таңда Ақмола облысы, Көкшетау сынды қалаларға көгілдір отын тарту мәселесі  алда тұрған көрінеді. Бастысы қаржы болса болғаны. Осыған орай, инвестор іздеу жұмыстары қолға алыныпты.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир