|
28.04.2018 | 09:15
3539

«Журналист болғым келеді» эссе байқауының бірінші кезеңіне іріктеу мерзімі аяқталуда

«Алматы» арнасы мен Сүлейман Демирел атындағы университет ұйымдастырып жатқан «Журналист болғым келеді» эссе байқауының бірінші кезеңіне іріктеу мерзімі аяқталып қалды. Бүгінгі күнге дейін конкурска 150-ге жуық үміткердің шығармасы келіп түскен. Олардың басым бөлігі қазақ тілінде жазылған болса, 20 пайызы орыс тілінде, қалған 5 пайызы ағылшын тілінде екен. Байқаудың бас жүлдесін, яғни, Демирел атындағы университеттің білім грантын алуға, әсіресе, Оңтүстік және Солтүстік Қазақстанның талапкерлері аса құлшыныс білдіріп жатқан көрінеді. Дегенмен, журналист болам деген жастарға мүмкіндігін жіберіп алмауға әлі де уақыт бар. Келешегін  ақпарат майданында айқындағысы келген мектеп бітіруші түлектер байқау ережесіне сай, 4 беттен аспайтын эссені 30 сәуірге дейін көрсетілген электронды почтаға жолдауына болады. Ал көркемдік жағымен қатар грамматикалық сауаттылығы үздік шыққан 20 үміткердің шығармасы, байқаудың екінші кезеңіне өткізіледі.  ¤

«Байқауға тіркелу онлайн жүйеде жүрып жатыр. Ол жерде біз талапкерлерден эссені қабылдаймыз. Алайда, олар өздері жазып отыр ма, жоқ оларға басқа екінші-үшінші тұлғалар көмектесті ме, ол жағынан бізге меймәлім. Сол себептен, 20 үздік эссе екінші кезеңге өтеді. Екінші кезең - С.Демирел университетінің ғимаратында өтетін болады. Ол жерге сол 20 үздік талапкер шақырылады және сол аудиторияда оларға еркін тақырыпта тағы бір эссе жазуға мүмкіншілік береді», - деді Сүлейман Демирел атындағы университеттің оқытушысы Арайлым ЕРКІНБАЕВА.

Дегенмен, қай тақырыпқа қалам сермейтіні туралы талапкерге аудитория ішінде бірақ айтылады. Үміткер аз уақытта өзінің алғырлығы мен жазуға икемін көрсетуі тиіс. Байқау қорытындысы  25 мамырда жарияланады. Жеңімпаз аталған үміткер жоғары оқу орнының грантына ие болады.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир