|
28.06.2017 | 11:57
1327

Дидар Болысбекті өлтірді деген күдікті сот алдында өз ақиқатын баяндады

17 жастағы Дидар Болысбекті өлтірді деген күдікті Тойчибек Асамов сот алдында өз ақиқатын баяндады. Осыған дейін ол денсаулығының сыр бергенін себеп қылып жауап бермей келген болатын. Тіпті өткен сот отырысында оның адвокаты да келмей қалған еді. Айыпталушы мерт болған 1-ші курс студентіне қолының ұшын да тигізбегенін айтып отыр. Ақша бопсалау мен әлімжетікке де қатысы жоқтығын айтады. Наурыз айында жиналған 5000 мың теңгені группаластары алып кетуді бұйырыпты. Оны да бас пайдасына жұмсамаған көрінеді. Ал 12-ші сәуір күні болған оқиғада оны группаластары жиналысқа шақырған. Оған да 2-ші курс студенттері Жаппар Ерлан, Алмұрат Досбол мен Несіпбай Бауыржан және Жақсылық Самғаттың намысына тиіп, мәжбүрлегендіктен барғанын айтып отыр. Аты аталғандар қазір қылмыстық істе куәгер ретінде қатысып жүр. Өйткені, достары ұрмасаң қорқақсың деп сөзбен түйрейтін көрінеді. 1-ші курс студенті Алмұрат Досболдың соққысынан кейін көз жұмған дейді. Дидарды ұрмай тек көмекке келген ол әрқашан інісіндей қарағандығын айтып отыр. Тіпті қыстың күні аяғындағы бәтеңкесін де Дидар Болысбекке шешіп беріпті. Ал істі бастапқыда тергеушілер қысым жасағандықтан мойындадым дейді күдікті.

Тойчибек Асамовтың адвокаты судьядан оқиға орнына көшпелі сот отырысын өткізуді ұсынды. Өйткені, 8 жәбірленушінің орфографиялық қателіктерімен бірге көшірілген жауабына күмән келтірді. Сондай-ақ, сот сараптаманың да шындығына көз жетпейтіндіктен мәйітке эксгумация жасауды да ұсынды. Дегенмен, судья өтініштерді қанағаттандырмай тастады. Себебі, Дидар Болысбектің әкесі баласын қаздыруға түбегейлі келіспеді. Оған прокурорда қажеттілік жоқ екенін айтып отыр.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир