|
27.11.2017 | 17:31
1987

Дін туралы заңға неке қию шартына қатысты өзгерістер енді

Елімізде бетті тұмшалап жүруге тыйым салынады. Яғни, пәрәнжі киюге тосқауыл қою ең алдымен қауіпсіздік жағдайы үшін қолға алыныпты. Екіншіден ол салт-дәстүрге жат. Бұл Сыртқы істер министрлігінде арнайы елшілер үшін ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында белгілі болды. Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев отырыс барысында діни қызмет және діни бірлестіктерге қатысты заңнамаға енген өзгерістерді көпшілік назарына ұсынды.

«Бұл заң жобасында бет-әлпетін жабатын киімдерді паранджа, никаб болсын тек қана діни сипатта емес, кез келген бет-әлпет жабатын киімін қоғамдық жерлерде киюге болмайды деген норма бар. Бірақ, ол тікелей діни ахуалға байланысты емес. Ол жалпы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған норма», - деді ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі¤

Нұрлан ЕРМЕКБАЕВ.

Заңға сонымен қатар, неке қию шартына қатысты өзгерістер еніпті. Атап айтқанда, енді діни рәсім бойынша некеге отыру үшін ресми түрде АХАЖ құжаты талап ету нормасы мүлде алынып тасталыпты. Демек, сарапшылар бұл жұмысты заңдық тұрғыда бекітуден гөрі, діни бірлестіктердің атқарғаны дұрыс деген пікірде. Енді имамдар ресми түрде құжаты жоқ азаматтардың некесін қимау жауапкершілігін өз мойындарына алады. 

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир