|
23.11.2017 | 17:07
1295

Екатерина Парафиеваны екі аяғынан айырған жантүршігерлік жол апатына қатысты сот жалғасуда

Алматыда 32 жастағы келіншекті қос аяқсыз қалдырған жол апатына қатысты процесс жалғасып жатыр. Сот залына аталған деректі тергеген ішкі істер басқармасының қызметкерлері мен анықтаушы шақыртылды. Тек олар өздері сызған жол апатының сызбасын жөнді түсіндіріп бере алмады. Белгілі болғаны, жол көлік оқиғасының сызбасы екі рет сызылыпты. Оған Тойота камри жүргізушісі Ұлан Әбдуәлиев оқиға кезінде өзімді жайсыз сезінгендіктен көліктің нақты орнын көрсете алмадым дегені желеу болған көрінеді. Алайда, одан автобус жүргізушісінің қорғаушысы қарама-қайшылықтар тапқан. Әу баста Ұлан Әбдуәлиев апатқа кінәлі деп танылғанмен, кейін оның мойнынан айып алынып тасталған. Ал, автобус жүргізушісі Дәурен Жаңабаев сот басталған кезде аяқ асты кінәлі бола қалғанына таңданып отыр.

«Бастапқыда ДТП кезінде мен кінәлі болмадым. Жүргізуші куәлігімді өзіме қайта берді де үш ай бойы жүргізуші куәлігім өзімде болды. Сен кінәлісің деп 4-ші айда мені шақырды. Сол себепті мен адвокаттың көмегіне жүгінбей жүре бердім»,-деді Дәурен ЖАҢАБАЕВ.

Бірақ жол апаты орын алған жерге барған жедел тергеу тобы мен ішкі істер басқармасы оқиға автобус жүргізушісін кінәлі деп санайды. Өйткені, ол қатар ауыстыру барысында жол ережелерін ескермеген дегенді алға тартты.

«Болған салдарын жаңағы жол апатының болған негізі себептік байланысы жүргізуші Жаңабаевтың жол көлік қозғалысы кезінде бағытын өзгертуі. Жаңағы осы өзгертілген жүргізуші Жаңабаевтың жол қозғалысын өзгерту себебінен аталған жол апаты болып отыр»,-деді Алматы қалалық ІІД тергеу басқармасы басшысының орынбасары, Олжас ШӘРІПОВ.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир