|
13.09.2018 | 09:18
1177

Екібастұзда екі оқушы бесінші қабаттан құлап кетті

Өткен түнде екі оқушы бесінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Екібастұз қаласы әкімінің баспасөз қызметі  аталмыш фактінің орын алғанын растап отыр.

«Олар бұл жағдай орын алған кезде үйлерінде болмаған. Бұл сабақтан тыс кезде  болған. Мектеп үнемі балаларды бақылауда ұстай алмайды. Бірінші кезекте олар үшін ең жақын адамдары, яғни ата-аналары жауап береді.  Алдағы уақытта балалардың тәрбиесі мен қауіпсіздігі бойынша жиналыс өткізіледі.  Сонымен қатар, жергілікті мектептердің жоғары сынып оқушыларымен психологтар жұмыс істейді.Оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсеткен жедел жәрдем  қыздарды  қалалық аурухананың жансақтау бөліміне орналастырған», - делінген хабарламада.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қайғылы жағдай Бауыржан Момышұлы көшесі, 113 мекенжайы бойынша  тіркелген. 2003 жылы туған қыз балалар бес қабатты үйдің кіреберісінің терезесінен құлаған.  Олардың бірі № 23, екіншісі № 2 мектептің 9 сынып оқушылары. Жасөспірімдер түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.  

 

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир