|
20.06.2018 | 11:30
1448

Екінші деңгейлік банктер тұрғын үйлерді жалға беру жүйесін іске асыруға мүмкіндік алады

2019 жылдан бастап жекешелендіруге жатпайтын тұрғын үйді жалға беру жобасына бөлінетін қаржы көлемі 10 млрд теңгеге артады. Бұл өз кезегінде баспанаға мұқтаж мыңға жуық азаматты баспанамен қамтуға септігін тигізбек. Оның ішінде, дәрігерлер, мұғалімдер, мемлекеттік қызметкерлер бар. Сонымен қатар, «7-20-25» бағдарламасы салалық бағыттағы жобадан мемлекеттік бағдарламаға айналды. Тұрғын-үй құрылысы саласын дамыту экономиканың едәуір өсуіне әсер береді. Сондықтан жалға беру жүйесін тек «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» ғана емес, өзге де екінші деңгейлі банкттер іске асыруға мүмкіндік алады.

«Кредиттік үйді «Тұрғын - үй құрылыс жинақ банкінің» салымшыларымен қатар, екінші деңгейлі банк салымшыларына өткізу көзделеді. Бұл талаптар «7-20-25» ипотекалық бағдарламасының дамуына, үлкен импульс береді. Осы бағдарлама тұрғын-үй құрылысының дамуына, тұрақты болып, экономиканың әрі қарай өсуіне, елеулі мультипликативті әсерін тигізеді»,-деді ҚР Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары Роман СКЛЯР.

«Нұр Отан» партиясында да бүгін ғана бекітілген «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы талқыланды. Саяси ұйым хатшысы Қаныбек Жұмашев қазақстандықтарға баспаналы болуға ықпалдасатын бағдарлама коммерциялық жоба емес, әлеуметтік бастама деді. Сондай-ақ хатшының айтуынша, бұрындары үйге несие алушыға қаражатты беру-бермеуін арнайы комиссия шешсе, енді барлық мәселелер тек азамат пен банк өкілдері арасында қарастыралады.

«Бұрындары Мемлекеттік органдар, әкімдіктер несие алушымен банктің арасында дәнекер болатын. Арыздарды қабылдап, оларды зерттеп, кім ала алады, кім ала алмайды соны әкімдіктердегі жасақталған комиссия шешетін. Бұл бағдарламада бұндай орталық буын жоқ. Тікелей кез келген бағдарлама қатысушы мен екінші деңгейлі банк келісімге келіп, жұмыс жасай береді. Бұл да бағдарламаның ұтымды жағы ғой деп ойлаймыз»,-деді «Нұр Отан» партиясының хатшысы Қаныбек ЖҰМАШЕВ.

Назым Мәлікқызы, Алматы телернасы.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир