|
16.04.2018 | 15:34
1565

Ел аумағында іздеуде болған бірнеше қылмыскер ұсталды

Ел аумағында іздеуде болған бірнеше қылмыскер ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Астана қалалық ІІД криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел іздеу шараларының барысында 2015 жылы елорда аумағында кісі өлтірді деген күдікпен 4 адам ұсталды», - деді ол.

Оның айтуынша, күдіктілерден қылмыс жасалған тапанша табылып, тәркіленген. 

«Алматы облыстық ІІД жедел уәкілдері  осы жылдың 10 сәуірінде Талдықорған қаласында жеке кәсіпкерге шабуыл жасап ірі көлемде ақша қаражаты мен «Toyota Camry 50» көлігін иеленген жергілікті үш тұрғынды ұстады. Сонымен қатар, Алматы қалалық ІІД жедел уәкілдері Үшарал қаласының тұрғынын ұстады. Оған Алматы қаласында қарақшылық шабуыл жасаған деген күдік келтірілуде», - деді Алмас Садубаев.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир