|
20.04.2017 | 12:22
1248

Елбасы Ішкі істер министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты қабылдады. Министр елдегі қылмыстық ахуал мен жергілікті полиция қызметінің атқарып жатқан шараларын баяндады. Бұдан бөлек түзету мекемелерінің жағдайы мен Ұлттық ұланның жұмысы туралы мәлімдеді. Сондай-ақ, Қалмұханбет Қасымов тасқынға байланысты жағдайды жеткізіп, Астана мен облыстардағы алдын алу бағытындағы жұмыстар жайлы хабардар етті. Ал Елбасы қылмыспен күресті күшейту керектігін атап өтіп, су тасқынынан зардап шеккендердің тіршілігін қалпына келтіруге кешенді әрекеттерді жүзеге асыруға тапсырма берді.

«Мен елдегі қылмыстық жағдайды, олармен күресу шараларын, жергілікті полиция қызметін реформалау мәселелерін Елбасыға жеткіздім. Соңғы уақытта елде орын алып жатқан тасқынға байланысты ахуал жеткізілді. Елбасы зардап шеккен халықтың тіршілігін жөнге келтіру бойынша нақты тапсырмалар берді»,- деді ҚР Ішкі істер министрі, Қалмұханбет ҚАСЫМОВ.

 

 


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир