|
17.08.2018 | 21:08
3656

Электронды еңбек шарты: жұмысқа тұрушы жеке құжаттарын қайта жинап әуреленбейді

Азаматтардың жұмысқа орналасу мүмкіндігі артпақ. Бұған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қолға алған «Электронды еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі» септігін тигізеді дейді ведомство өкілдері.

Бастама аясында жұмысқа тұрушының жеке құжаттары автоматты түрде жүйеге енгізіліп, басқа қызметке ауысқанда тиісті қағаздарды қайта жинаудың қажеті болмайды.

«Жұмыс берушілермен өзара әрекет етудің осындай түрі әсіресе, жұмыс берушімен тікелей байланыссыз қашықта жұмыс істейтін және вахталық жұмыскерлерге ыңғайлы болады. Екіншіден, бұл жұмыс берушілердің жұмыскерлер алдындағы жауапкершілігін белгілеуге және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, Әлеуметтік сақтандыру қорына түсетін жарналар мен аударымдарға жүргізілетін мониторинг арқасында әлеуметтік қатерден қорғауға мүмкіндік береді», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман МҰҚЫШЕВ.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир