|
16.04.2018 | 12:11
2556

Елімізде антрополог және этнолог қауымдастығы құрылды

Елімізде антрополог және этнолог қауымдастығы құрылды. Оған тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті археология және этнография, музеология кафедрасының меңгерушісі Аманжол Қалыш жетекшілік етеді. Оны құру туралы бастаманы профессор Халел Арғынбаев көтерген. Сондықтан ол шешімнің үшінші рет ұйымдастырылып отырған «Арғынбаев оқуларына» арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында қабылдануы кездейсоқ емес.

«Қазақстандағы  этнологтарды біріктіруіміз керек. Өмірден өткен біздің көптеген керемет ғалымдарымыз бар. Солардың еңбектері шықпай қалып отыр. Мына жастарға көмек. Өзіміздің республикалық деңгейінде этнологтардың арнайы журналын шығарғымыз келеді. Осындай мақсаттарымыз бар», - деді тарих ғылымдарының докторы Аманжол ҚАЛЫШ.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир