|
10.04.2018 | 10:15
1275

Елімізде балалардың 95 пайызы мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз етіледі

Жыл соңына дейін қазақстандық балалардың 95 пайызы мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз етіледі. Бұл мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің аясында жүзеге асады. Ал 2019 жылдан бастап жеткіншекті ерте дамытудың бірыңғай стандарттары енгізілетін болады. Оған қоса, балабақшаға үйден шықпастан мобильді қосымша арқылы кезекке тұруға болады, деді бас ұстаз. Сондай-ақ министр Президентке жеке пәндерді ағылшын тілінде оқытуға дайындық турасында ақпарат берді. Елімізде білім беру мекемелердің жаңартылған мазмұнға көшуі биыл да жалғасады. Былтыр бұл жүйеге 1-ші, 2-ші, 5-ші және 7-ші сыныптар көшкен. Айта кетейік, бұл Назарбаев зияткерлік мектебінің тәжірибесі негізінде қолға алынып отыр.

«2016 жылы ағылшын тілінде 2 мың мұғалім сабақ берген. Былтыр осындай курстан өтуге 11 жарым мың ұстаз ниет білдіріп, оның 3 мыңы қайта арнайы  курстан өтті. 8 мыңдайы оқуды жалғастырып, қажетті деңгейге өтуде. Осылайша, 2019 жылы 13 жарым мың мұғалім 4 пәнді ағылшын тілінде оқытады», - деді  ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан САҒАДИЕВ.

«Обновленное содержание» дегенді ел түсіну үшін біріншісі, ол 12 жылдық мектепке көшу. Екіншісі, әліпбиді 0-ші класстан бастап оқытып, 2020 жылға қарай дайындау», - деді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир