|
20.02.2018 | 17:59
1061

Елімізде жыл сайын шамамен 2 жарым мың жұмысшы жарақат алады

Қазақстанда жыл сайын шамамен 2 жарым мың адам өндіріс орындарынан әр түрлі деңгейдегі жарақат алады. Оның қатарында біржола мүгедектікке душар болып қалатындары да бар. Бұл тек ресми тіркелген мәлімет, дегенмен зардап шеккендер саны одан да көп болуы ықтимал,- дейді еліміздегі кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым. Сондықтан мекеме басты назарды жұмыскерлердің құқығын қорғауға арнап отыр. Қазір еліміз бойынша кәсіподақтарды жаңғырту мақсатында жол картасы қабылданған. Жалпы Қазақстанда кәсіподақтың 2 млн-ға жуық мүшесі бар. Олар жергілікті әкімдік, қоғам белсенділерімен бірге кәсіподақтарды дамытудың маңыздылығын талқылады.

«Жалпы кәсіподақ шынайы жұмыс адамының қорғаушысы болуы керек. Кеңесшісі болуы керек. Мына жұмыс беруші мен жұмысшылар арасындағы заманауи медиатор болуы керек. Болып жатқан дауларды ақылдаса отырып, ортақ мәлімеге алып келуі керек. Заңды түсіндіру керек», - деді ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан ӘБДІРАЙЫМ.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир