|
14.04.2017 | 12:05
1111

Елімізде су деңгейі қатаң бақылауда

Елімізде су деңгейі қатаң бақылауда. Оған қажетті шаралар тіпті өткен жылы басталып кеткен. Биыл 1 жарым шақырым қорғау бөгеттері орнатылса, 17 шақырымға жуық бөгенге жөндеу жұмыстары жүргізілген. 23 шақырымнан астам өзен арналары нығайтылыпты. Күн жылынса, халықты әбігерге салатын қар суын болдырмау үшін жергілікті атқарушы орындар елді мекендерден 17 миллионға жуық текше метр қар шығарған. Су тасқындарының алдын алу және салдарын жою үшін қажетті жанар-жағармай, жарылғыш заттар қоры дайындалған. Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер осыған дейін орын алған оқиғаларды жылда қайталанатын қалыпты жағдайға балап отыр.

«Осыған дейін орын алған жағдайлар қалыпты деуге болады. Біз ауылшаруашылық министрлігімен, су шаруашылығы комитетімен бірігіп, жұмыс істеп жатырмыз. Өткен жылдармен салыстырғанда қазір жағдай қалыпты. Төтенше жағдайға қажетті қор да бар», - деді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир БЕККЕР.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир