|
13.04.2017 | 16:27
1764

Еліміздегі 57 мектепте Таиландтың білім беру бағдарламасы пайдаланылмақ

Жыл аяғына дейін еліміздегі 57 мектеп жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде оқыту процесін бастамақ. Қазіргі кезде осы ұстаным бойынша Қазақстанда 24 мектеп пилоттық режимде жұмыс істейді. Жаңа оқыту әдісінде халықаралық тәжірибе де ескерілген. Соның ішінде Таиланд елінің білім беру бағдарламасы пайдаланылмақ. Еліміздің әр өңіріндегі жоғары оқу орындары, колледж, мектеп және балабақша оқытушылары мен басшыларына өзінің тәжірибесімен бөлісу үшін доктор Арт Онг Джумсаи келді. Ол жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген әлемге әйгілі мектепті құрушы.

«Қазақстан және әлемнің өзге мемлекеттерінде балалар білімді болуы үшін қолдан келгеннің барлығын жасайды. Біліммен қатар, жасөсіпірімдерде адами қасиеттерді бойына сіңдіруге тырысуымыз керек. Бүгінгі балаларды мейірімді, қайырымды болуға тәрбиелеу жолдарына айтамын», - деді педагог Арт Онг ДЖУМСАИ (Таиланд).

Мамандардың сөзінше, негізінен біздің оқыту бағдарламамыз Таиланд елінікімен ұқсас көрінеді. Бұл мемлекетте қазір енгізілген жаңашылдықтар бізде де қолданыста бар. Атап өтерлігі, бұл шара «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының 20 жылдық мерейтойына орайластырылып ұйымдастырылған. Бұған дейін мұндай кездесу Астана қаласында өткізіліпті. Алматыдағы семинар 13 сәуірге дейін жалғасады.

«Семинарда қозғалынатын тақырыптар жалпыадамзаттық құндылықтарды білім беру үдерісіне интеграциялау модельдерін қарасытарады. Содан кейін Джумсаи мырза Таиландтағы жалпыадазаттық құндылықтар мектебінде болып жатқан іс-шаралармен бізді таныстырады», - деді «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы директорының орынбасары Луиза ЖҰБАТОВА.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир