|
03.01.2018 | 16:20
1776

Еліміздегі ақша айырбастау орындары салық төлеуге міндеттеледі

Келер жылдан бастап еліміздегі ақша айырбастау орындары салық төлеуге міндеттеледі. Олар бекітілген мөлшерде тоқсан сайын есептілік тапсыруы тиіс. Әр өңірдің салық мөлшерін жергілікті атқарушы органдар бекітеді. Көлемі 72 мың теңгеден, 240 мың теңге аралығында болуы мүмкін. Айта кетсек, ақша айырбастау нүктелерінің қожайындары бұған дейін тек шетел валютасын алып-сатқанда көрген пайдасы есебінен ғана салық төлеген болатын. Енді, табыс көзінің қанша болмасына қарамастан, бекітілген мөлшермен салық төлейді. Мұндай талап банктерге қойылмайды. Салықшылардың өздері, жаңа өзгерістер ақша айырбастау орындарының қожайындарын қаптаған тексерістен құтқарады дейді. Өйткені, олар салықты тоқсан сайын тапсырып отырады.

«30 АЕК-те төлейтін болса, ай сайын есептейді, есептілікті тоқсан сайын тапсырады. Демек, 3 айда 1 тоқсанда 3 айдың объектісін 3-ке көбейтіп есептілік тапсырады. Енді ең бірінші келе жатқан есептіліктің мерзімі ол - 15-ші мамырдан кешіктірмей есептілік тапсыру керек. Ол бірінші тоқсандыққа 2018 жылдың. Ал, төлеу сол есептілік тапсырғаннан кейін 10 күннен кейін төлеу керек. Яғни, 25 мамырдан кешіктірмей төлеу керек»,-деді Алматы қалалық МКД түсіндіру жұмыстары басқармасының басшысы, Заңғар ШЫНДАЛИ.

 

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

салық
Новости партнеров
Прямой эфир