|
05.06.2018 | 11:28
1011

Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев үй қамауына алынды

Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев үй қамауына алынды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросымен Энергетика вице-министрі Жақсалиевтің Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы көлді тазарту бойынша жұмыстарды қабылдау барысында заңға қайшы әрекеттері әшкереленіпті. Күдікті вице-министр 2015 жылы «Аймақ и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мердігер ұйымының мүддесі үшін лауазымдық өкiлеттiгін теріс пайдаланған. Жақсалиев орындалған жұмыстың көлемі 30 есе артық бағаланғанын біле отырып, жалпы сомасы 863 млн теңгені құрайтын су қоймасының түбінен 109 мың текше метр шөгінділерді алу туралы актілерге қол қойып, аталған соманы мердігерге аударған», - делінген хабарламада.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир