|
21.09.2017 | 21:21
1155

Гитарамен ән салған Жапония азаматы алматылықтарды тәнті етті

Арбатта гитарамен ән салған Жапония азаматы алматылықтарды тәнті етті. Музыкант әлемді аралауға тапқан-таянғанын жұмсайды. Табыс тауып, саяхат жасауға оған сүйікті гитарасы көмектесетін көрінеді. 10 жылдан бері гитара аспабын серік еткен әнші жапонша ән салады. 35 жастағы Джунджи Накаджима төрт айдан бері Оңтүстік Корея, Ресей, Монғолия елдерін аралап, Қазақстанға да ат басын тірепті. Алдымен Астанада болып, енді алып шаһармен танысуды жөн санапты.

«Мен өзге елдерді, өзге адамдарды көріп, білгім келеді. Біздің әлем өте үлкен және жарқын. Мен гитара мен мотоциклға сенем. Себебі ол инструментпен ән айтып, ақша табамын. Сол тапқан табысым арқылы келесі елге аттанамын. Енді Үндістан, Еуропа, Африка, Америка, Австралия Қытай сияқты елдерді аралап, соңында Жапонияға оралуды жоспарлап отырмын», - деді саяхатшы музыкант (Жапония) Джунджи НАКАДЖИМА.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир