Ыңғайлы мобильді
қосымшаны қолданыңыз:
cоңғы жаңалықтар, видео-материалдар және телебағдарламалар

Мемлекеттік қызметкерлерге смартфон пайдалануға рұқсат берілуі мүмкін

Мемлекеттік қызметкерлерге жұмыс кезінде смартфон қолдануға рұқсат берілуі мүмкін. Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Фатима Жақыпова осылай деді. Екі жыл бұрын шенеуніктерге қызмет барысында ұялы телефон қолдануға тыйым салынған еді, енді ол тыйым алдағы айларда толықтай өз күшін жоюы ықтимал.

«Аталған мәселенің талқыланып жатқанына біраз уақыт болды. Оған қатысты сан алуан ұсыныстар бар. Білуімізше, қыркүйек айында мемлекеттік қызметшілерге смартфон ұстауға рұқсат береді деген мәлімет бар. Бірақ ол нақты мәлімет пе? Ол жағын айта алмаймын. Қазіргі кезде ол мәселе қаралып жатыр. Сол жағы анық»,- деп жауап берді ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Фатима ЖАҚЫПОВА.