|
23.04.2018 | 09:13
2475

Ықылас атындағы халық аспаптар музейі қос инструментпен толықты

Алматыдағы Ықылас атындағы халық аспаптар музейі қос инструментпен толықты. Оны индонезиялықтар Қазақстанға арнайы екі ел арасындағы достықтың 25 жылдығына орай тарту еткен. Сондай-ақ арнайы дайындалып жатқан тағы бір музыкалық аспапты осы жылдың шілде айында әкеліп табыстауды жоспарлап қойған. Негізі Индонезия еліміздің тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып мойындаған мемлекет. Қос ел арасында 1993 жылдан бастап әлеуметтік-саяси, экономикалық және мәдени байланыс берік орнаған. Алып шаһарға арнайы келген индонезиялық өнерпаздар қазақтың халық әндерін өздерінің ұлттық аспаптарына салып орындап берді. Елшінің айтуынша, әртістердің қоржынында бас-аяғы 7 ән, оның қатарында замауанилары да бар.

«Мемлекеттік достықтың ынтымақтасты, мәдени ынтымақтастықты нығайту мақсатында. Индонезия мемлекеті -250 млн-ның үстінде халқы бар 150-дан аста ұлт өкілдері тұратын сондай үлкен сауда-экономикалық қарым-қатынасы дамыған мемлекеттердің бірі. Бұл үрдістің өзі, яғни, біздің музейде өтіп жатқан іс-шараның өзі де осы екі мемлекеттің арасындағы достық қарым-қатынастың жан-жақты екенін айғақ білуге болады», -деді  Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Данияр ӘЛИЕВ.

«Қазақстан мен Индонезия арасында жақсы қарым-қатынас орнаған. Бүгін біз үшін маңызды күндердің бірі. Өйткені, достығымызға 25 жыл толды. Ықылас атындағы музейге «ангклунг» пен «сасандо» дейтін қос ұлттық аспабымызды сыйға тарттық. Екеуі де бамбуктен жасалған. Ары қарай да осындай кештерді өткізіп тұруды жоспарлап отырмыз. Тіпті, ән қоржынымызға көптің көңілінен шығып жүрген қазақтың әндерін қосамыз», - деді Индонезия Республикасының Қазақстандағы елшісі Рахмат ПРАМОНО.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир