Ыңғайлы мобильді
қосымшаны қолданыңыз:
cоңғы жаңалықтар, видео-материалдар және телебағдарламалар

Несие мен ипотекасын төлей алмайтындардың қарызы кешіріледі

Бұдан былай банк берешегі барларға басқаша қарайтын болады. Нақтырақ айтсақ, ипотека мен несиесін төлей алмайтындардың қарыздары кешіріледі. Тек борышкер әуелі  өзінің шын мәнінде төлем қабілеттілігінің жоқ екенін дәлелдеуі керек. Жеке тұлғаларды банкрот деп жариялайтын арнайы заң жобасын жасауды  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі тапсырған еді. Отандық экономистер заң жүзінде барлығы қатаң қадағаланатынын алға тартты.

«Егер азаматты заң банкрот деп тапса, банк тарапы, нақтырақ айтқанда коллерторлық компаниядан жеке тұлғаға қатысты талаптары тоқталады. Бұл өз мүмкіндігін ескермеген қарапайым халық үшін үлкен қолдау. Бірақ, банкрот болған адам бір тиын табыссыз қалғанын растауы шарт. Мәселен, еш жерде жұмыс істемейтідігі нақты болу керек», - деді сарапшы Серік ҚОЗЫБАЕВ.

Ұлттық банктің мәлімдеуінше, былтыр ипотекалық зайымы бар 29 мың адам қайта қаржыландыруға өтініш берген. Оның 23 мыңы мемлекеттік бағдарлама аясында қолдау алған. Ал қаржы институттарында жұмыс істемейтін активтердің саны 1 триллон 300 миллиард теңге. Екінші деңгейлі банктердің аяққа тұрып кетуі үшін 5 қаржы құрылымына 500 миллиард теңге ұлттық банк тарапынан бөлінген еді. Осы бастаманың аясында жұмыс істемейтін 1 триллион теңге активті қысқарту көзделген. 

«Банктер тікелей қаржы алған жоқ, олар өздерінің құнды қағаздарын сатылымға төмен бағамен шығарды. Соның есесіне, қаржы алады. Бірақ екінші деңгейлі банктер әуелі қаржы министрлігінен мемлекеттік құнды қағаздарды сатып алады. Екеуінің айырымынан түскен қаражат банктің есебінде қалады», - деді сарапшы.