|
26.01.2018 | 09:19
1264

Қазақфильмді сатып алушылар болмаса, мен тек қуанамын - Мұхамедиұлы

Үкіметте «Қазақфильмнің» тағдыры сөз болды. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәжіліс депутаттарының сауалына жауап қатты. Айтуынша, ол да аты аңызға айналған киностудияның жеке қолға өткенін қаламайды екен. Дегенмен нысан қазіргі кезде, жекешелендіру тізіміне кіретін ғимараттар қатарында тұр.

«Ол жекешелендіру тізіміне осыдан бес жыл бұрын қосылған болатын. Тек 49 пайызын сату көзделіп отыр. 51 пайызы мемлекет меншігінде қалады. Десе де, ол өнер ордасының мемлекет қарамағында қалғанын менде қалаймын. Сатып алушылар болмаса, мен тек қуанамын», - деді ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ.

Жиын барысында сонымен қатар, Щучинск курорт аймағындағы трамплин құрылысы да сөз болды. Министрдің сөзінше, кешен ағымдағы жылдың орта шенінде салынып бітеді. Әрі халықаралық талаптарға сай болмақ. 

«Трамплин шынында әлемдік деңгейде және ерекше орталықтың бірі болмақ. Ол спорттың дамуына жақсы серпін береді. Ашылу салтанаты жазға қарай белгіленіп отыр. Мамыр-маусым айларында қолданысқа бере аламыз деген ойдамын», - деді Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ.

Еске сала кетейік, Ақмола облысында орналасқан Щучинск демалыс ортылығындағы трамплин құрылысы осымен 11-ші жылға созылып келеді. Аталмыш аралықта, нысанға бөлінген қаржы 4 есеге өсіп, 38 млрд теңгеден асқан. Мерзім бойынша, ғимарат биылғы жылдың қаңтар айында қолданысқа берілуі тиіс болатын. 

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир