|
30.07.2018 | 13:10
945

Қазақстан бензині арзан мемлекеттер ондығына кірді

Қазақстан бензині арзан мемлекеттер тізімінде 10-орынға жайғасты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі LS сайтына сілтеме жасап.

Осы уақытқа дейін мемлекет 12-орынға жайғасқан еді.

GlobalPetrolPrices мәліметі бойынша, республикадағы жанармайдың орташа бағасы 52 центті (шамамен 180 теңге) құрады. Баға бойынша, Венесуэлла (1 цент), (Иран (27 цент), Судан (34 цент), Кувейт (35 цент), Алжир (36 цент), Эквадор (39 цент), Нигерия (41 цент), Мысыр (43 цент) және Түрікменстан (43 цент) мемлекеттері алда келеді.

Көрші Өзбекстан мемлекеті екі цент айырмашылықпен (55 цент) 15-орынға жайғасты. Қырғызстан 24-орында (68 цент), Беларусь 27-орында (69 цент) және Ресей 28-орында (72 цент) тұр.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир