|
30.01.2018 | 09:10
1449

Қазақстанда діни білімді шетелде алуға шектеу қойылмақ

Қазақстанда деструктивті діни ағымдардың ерекше белгілерін көпшілікке насихаттап көрсетуге тыйым салынады. Бүгін Мәжілісте еліміздің діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы таныстырылды. Дін істері министрі Нұрлан Ермекбаев «құжатта қоғамдық орындарда адамның бет ажарын тануға кедергі жасайтын киімді киюге тыйым салу да ұсынылды», - деді. Дегенмен, соңғы кездері азаматтық ортада түрлі дауға сеп болған оқу орындарында хиджаб немесе орамал тағуға қатысты норма жоқ болып шықты. Ведомство басшысы Білім және ғылым министрлігі мұндай норманы енгізуге бастамашылық етсе, қарсылық білдірмейтінін айтты.

«Деструктивті діни ағымдар» және «діни радикализм» атты жаңа түсініктер енгізіледі. Оларды енгізу дін саласында деструктивті қызметті айқындауға әрі оған баға беруге жол ашады. Ұсынылып отырған құжатта деструктивті діни ағымдардың атрибуттарын және сыртқы белгілерін пайдалануға әрі жалпы түрде жариялауға тыйым салу қарастырылған», - деді ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан ЕРМЕКБАЕВ.

Сонымен қатар, енді діни білімді шетелде алуға қатысты Қазақстанда тиісті шектеулер енгізілмек. Нұрлан Ермекбаев елімізде базалық діни ілімді сусындамағандар өзге елде оқуына шектеу енгізу көзделіп отырғандығын айтты. Ал, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз «Мәжілісте діни ілімі аз азаматтардың өз көзқарасын айтып, насихат жасауға осы заң жобасы тосқауыл болады», - деді.

«Еліміз азаматтарының діни білімді өзіміздің отандық оқу орындарында білім алғаннан соң, яғни түбегейлі білімін қалыптастырғаннан кейін ғана, біліктілігін жетілдіру мақсатында шетелдегі басқа оқу орындарында жолдама беруге болады деген ұсыныстар орынды», - деді ҚР ҚМДБ төрағасы,  Бас мүфти Серікбай ҚАЖЫ ОРАЗ.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир